Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбайдың сотталуына кінәлі нигериялық азаматты экстрадициялауды сұрап отыр

652

ІІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың сотталуына кінәлі нигериялық азаматтың ұсталғанын растады. Күдіктінің ұсталғанын бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет хабарлаған болатын.

Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбайдың сотталуына кінәлі нигериялық азаматты экстрадициялауды сұрап отыр

Халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін. 

"Осы жылғы 20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды", – делінген ІІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу