Мысалы, "Коммерсант" ресейлік электр энергиясы экспортының өсуі туралы мақала жариялап, онда еліміз туралы да айтылған.
"Жыл басынан бері ай сайын Қазақстанға экспорт айтарлықтай өсіп жатыр. Жалпы жарты жыл ішінде көрсеткіш 53%-ға өсіп, 3,18 млрд кВт*сағ құрады"
"Маусым айында жеткізу көлемі бойынша бірінші орында Қазақстан (0,53 млрд кВтсағ), екінші орында Қытай (0,42 млрд кВтсағ) тұр"
Аталған деректерді басылым ай сайынғы "Нарық кеңесі" бюллетенінен (энергия нарығын реттеуші) алатындығын атап өту керек.
Ал енді отандық статистикалық деректермен салыстырайық.
Сандарда айырмашылық бар екенін байқауға болады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 6 айында Ресейден электр энергиясының импорты 729,5 млн кВт*сағ құраған. Бұл ресейлік басылым жазғаннан 4,5 есе аз көрсеткіш.
2021 жылдың І жартыжылдығында елдегі статистика деректерінде импорт 680,7 млн кВт*сағ құрағанын, яғни жылдық өсім 7,2% болғаны туралы жазылған. Ал, "Коммерсант" 53% деп көрсетеді.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Ресейден маусым айындағы импорт 113,5 млн шаршы метрді құраған. Бұл ресейлік деректерге қарағанда 4,5 есе аз.
Қазақстанның статистикасында қызықты деректер де кездеседі. Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан Ресейге 644,4 млн кВтсағ электр энергиясын экспорттаған. Импорттың экспорттан асып кетуі 13,2%-ды немесе 85,1 млн кВтсағ құрайды. Маусымда еліміздің Ресейге электр энергиясын сатуы сатып алғанға қарағанда көп екені де көрсетілген.
Ресейдің статистикалық деректері еліміздегі энергия нарығының импортқа тәуелділігінің өскенін көрсетеді. Бірақ Қазақстанның статистикасы онымен келісер емес.