Қазақстан алғаш рет Бангладешке әскери техника экспорттады

684

Ал Италияға аккумулятор жеткізді.

Қазақстан алғаш рет Бангладешке әскери техника экспорттады

ҚР Сауда және интеграция министрлігі алғашқы отырысын өткізіп, алты айлық жұмысын қорытындылады.

Осы уақыт аралығында шетелде 300-ге жуық қазақстандық компаниялардың қатысуымен 50-ден астам іс-шара өткізіліпті. Нәтижесінде 114 млрд теңгеден немесе 270 млн доллардан астам сомаға 63 экспорттық келісімшарт жасалған.

Ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов 2020 жылға арналған жоспарлар туралы да айтып өтті.

Оның айтуынша, қазақстандық экспорттаушыларға маркетингтік қолдау көрсетілді.

Қазақстандық өнімдердің экспортын жылжыту, сауда ынтымақтастығын дамыту және мәмілелер жасасу бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында Сыртқы істер министрлігімен бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды.

"Біз ,бұл тетіктер өндіріс құнын 5-10% төмендетеді, сонымен қатар экспорт географиясы мен тауарлар түрін кеңейтеді деп үміттенеміз. Мәселен, жаңа базарлар пайда болды. Алғаш рет әскери техника Бангладешке, ал аккумуляторлар Италияға жеткізілді",– деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу