Қазақстан алтын қорын молайтып жатыр

1056

Қазақстан алтын қорын молайтып жатыр

2016 жылдың соңында Ұлттық банктің  алтын-валюта қорындағы бағалы металдар 254,7 тоннаны құрады, деп хабарлайды LS.

Дүниежүзілік алтын жөніндегі кеңестің (World Gold Council) есебіне сүйенсек, 2017 жылғы қаңтардың басында елдің халықаралық резервтер құрылымындағы алтынының үлесі 32,4%-ды құрайды. Қазақстан бағалы металдар көлемі бойынша 21-орында тұр.

Салыстырар болсақ: қаржы реттеушісінің қорында 2016  жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша  228,3 тонна, ал ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 248,2 тонна бағалы металл болды.

2015 жылдың аяғында Ұлттық банкте 221,8 тонна алтын (27,1%-ы халықаралық резервтерден) болды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша  қаржылық қадағаушы органның қоржынында бағалы металдардың қоры 191,8 тонна болды. Ал 2013 жылдың соңында оның көлемі  143,7 тонна болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу