Қазақстан алтын сатудан алға шықты

438

Былтыр Қазақстанның Ұлттық банкі алтын сату бойынша әлемде бірінші нөмірлі ел болды.  

Қазақстан алтын сатудан алға шықты Фото: Inbusiness.kz

Қордағы бағалы металл 294 тоннаға дейін қысқарған, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Қазақстанның халықаралық резервтеріндегі алтынның үлесі 54,2%-ға дейін төмендеді. Сатылған алтын көлемі бойынша көрші Өзбекстан екінші орында 24,57 тоннаға жуық бағалы метал сатқан. Үздік үштікті 10,8 тонна алтын саудалаған Камбоджа қорытындылайды.

Сарапшылардың пікірінше, әлем алтын қорын азайтып жатқанымен, дамушы елдерде алтын сатып алу көрсеткіші былтыр соңғы 20 жылда болмаған ең жоғары деңгейге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу