Қазақстан алыс-жақын мемлекеттерге банан экспорттап жатыр

Бұл туралы Tradereport.Kz телеграм арнасы хабарлады. 

Қазақстан алыс-жақын мемлекеттерге банан экспорттап жатыр Фото: Fabian Sommer / Global Look Press

2025 жылдың 10 айында еліміз 231 мың доллар сомасына 799 тонна банан экспорттаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл статистика 2024 жылмен салыстырғанда 2,9 есе өскен. Яғни, Қазақстандағы банан экспорты артып келеді деуге негіз бар. 

Жеткізілімдердің басым бөлігі негізінен Ресейге (229,5 тонна, құны 122,1 мың доллар) және Өзбекстанға (545,8 тонна, құны 106,9 мың доллар) кетеді.

Айта кетейік, өнеркәсіптік деңгейде Түркістан облысында ғана банан өндірісі жолға қойылған дей аламыз. 

"Анамус" сұрыпының банандары (бананның анасы) түрік технологиялары бойынша іске қосылған жылыжайларда 5,3 гектар жерде өсіріліп жатыр. Алғашқы өнім 2024 жылы жиналған еді. 

Жыл басында Түркістан облысындағы бананның піскенін жаздық.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу