Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік пойыздардың жылдамдығы арттырылды

889

Өткен жылы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша қатынайтын контейнерлік пойыздар саны 2018 жылмен салыстырғанда 5%-ға артты.

Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік пойыздардың жылдамдығы арттырылды

2019 жылы Қазақстан аумағы арқылы 5,3 мың контейнерлік пойыз өткен, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 18% жоғары.

Пойыздар қозғалысының жылдамдығы тәулігіне 1007 шақырым болған. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған көрсеткіш те 11% өсім көрсеткен.

"Өткен жылы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша қатынайтын контейнерлік пойыздар саны 2018 жылмен салыстырғанда 5%-ға артып, 3071 пойызды құрады. Пойыздар орташа 1034 км/тәу жылдамдықпен қозғалса, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 15% жоғары",– делінген хабарламада.

Жылдамдықтың артуы "ҚТЖ" ҰК" АҚ бекіткен, Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы контейнерлік пойыздардың бағыттық жылдамдығын арттыру жөніндегі жоспарды жүзеге асырудың арқасында мүмкін болыпты.

Яғни контейнерлік пойыздардың жүру жолындағы тоқтаулар, локомотивтер, локомотив бригадаларының ауысымы мен техникалық байқауына және өзге де іс-шараларға уақыт қысқартылған.

"Осындай жоспар 2020 жылға да әзірленетін болады",– дейді компаниядан.

Айта кетсек, өткен жылы Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Болгария, Сербия, Венгрия және Словакия аумақтары арқылы Прагаға (Чехия) ұзындығы 11,5 мың шақырымдық бағыт бойынша Қытайдан Еуропаға алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді. Жаңа фидерлік бағыт бойынша Ақтау порты арқылы Әзірбайжан, Грузия, Түркия бағытына 73 контейнерлік пойыз жүрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу