Қазақстан арқылы Сиань – Прага қатынасындағы жаңа контейнерлік пойыз өтті

1221

Қазақстан аумағы бойынша пойыз 72 сағат жүріп өтті.

Қазақстан арқылы Сиань – Прага қатынасындағы жаңа контейнерлік пойыз өтті

Алтынкөл қазақстандық шекаралық станция арқылы Қытай – Еуропа – Қытай жаңа баламалы бағыт бойынша алғаш рет Сиань (Синьчжу) – Стамбұл (Халкали) – Прага (Чехия) бағыты бойынша контейнерлік пойыз жүріп өтті, деп хабарлады  KTZ Express баспасөз қызметі.

Жаңа сервис "Бір белдеу – Бір жол" бастамасы шеңберіндегі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен Шаньси провинциясы халықтық үкіметі арасындағы қол жеткізілген келісім аясында жүзеге асқан.

42 қырықфуттық электроникалы контейнерлерден тұратын пойыз жүретін жолында он елдің аумағын басып өтіп, 8500 шақырым қашықтықты  20 күнде еңсереді. Қазақстан аумағы бойынша пойыз 72 сағат жүріп өтті.

Биылғы жылдың 9 айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКТ) бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ тасымалының өсімі 67% құрапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу