Қазақстан Астанада Сирияға қатысты келіссөз өткізу үшін Ресей және Түркиямен байланыс жасап отыр – СІМ

806

Қазақстан Астанада Сирияға қатысты келіссөз өткізу үшін Ресей және Түркиямен байланыс жасап отыр – СІМ

Қазақстан  Астанада Сирияға қатысты келіссөздерге қатысушыларды қабылдауға және арағайын болуға дайын, деп мәлім етті Қазақстанның СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов.
"Сирия жөнінде – оған қатысты келіссөзді Астанада өткізудің ыңғайлылығы жөнінде ортақ пікір болды. Аталған келіссөзге қолайлы ахуал тудырумен және оның мазмұнымен халықаралық әріптестеріміз, атап айтқанда Ресей мен Түркия айналысуда. Жұмыс жүргізіліп жатыр, біз олармен байланыстамыз", – деді ол сейсенбі күні Астанада өткен баспасөз жиынында.
"Барлық жағдай жасалып, жағдай қалыпқа келген соң Қазақстан оларға арағайындық жасайды", – деп атап өтті Е.Ыдырысов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу