Қазақстан аумағында үшінші мәрте жер сілкінді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми парақшасы жазды. 

Қазақстан аумағында үшінші мәрте жер сілкінді Фото: pixabay

Әзірше қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Осылайша, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 28 қыркүйекте Астана уақытымен 13:53-те жер сілкінісі тіркелді. 

– Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Есептік қарқындылығы Нарынкөл ауылы 2-3 балл., Кеген ауылында 2 балды құрады. ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді, – делінген хабарламада. 

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылмаған. Қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдай тұрақты.

Бұған дейін Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелгенін жаздық.

Одан кейін Алматыдағы жер сілкінісінің күші 4 балға жуықтағаны хабарланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу