Қазақстан, Әзербайжан және Грузия бірлескен логистикалық компания құруға уағдаласты

2042

Теңіз бен құрлықта жүк тасымалдауды дамыту көзделген.

Қазақстан, Әзербайжан және Грузия бірлескен логистикалық компания құруға уағдаласты

Бакуде үш елдің мүдделі министрлері Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша 2022 жылға арналған тасымал жоспарын талқылады. Автомобильмен жүк тасу және ТХКБ арқылы жүк тасуды дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құруға да уағдаласты. 

"Бірлескен кәсіпорын тариф белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT шешімдер қолдануға және аталған бағытта транзит жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Уағданы іске асыруға арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.

"Тбилиси қаласында өткен кездесуде Грузия тарапы ТХКБ-ны ілгерілету үшін бірлескен логистикалық компания құру жөніндегі қазақстандық бастаманы қолдады. Кездесу қорытындысында бұл бағдарды одан әрі дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қойылды", – деп қосады министрлік.

Айта кетейік, биыл ТХКБ арқылы жүк тасымалдау екі есе ұлғайтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу