Артық кетті. Қырғызстанның бұрынғы елшісі өз елінің Ресейге қосылуы туралы мәлімдемесі үшін түсініктеме берді.
Жағдай тұрақты. Қазақстанның қорғаныс министрлігі Беларуське әскери қызметкерлердің жіберілуін түсіндірді.
Күлтөбеде күнде жиын. Талибан мен Ауғанстан үкіметі Катардағы келіссөздерге кірісті. Үкімет зорлық-зомбылықты тоқтатуға мүдделі болса, бүлікшілер жақтастарын түрмеден босатуға тырысуда. Тараптар бітімге келуі мүмкін бе?
Кикілжің болған жоқ. Трамп Араб елдерін Израильмен татуластырды. Соғыс болмаған жерге тыныштық әкеліпті-мыс. Енді Палестинамен арадағы жағдай ушығып барады?
Америкалық арман. Қазақстандық әнші Данелия Төлешова АҚШ-та өткен танымал музыкалық байқаудың финалына өтті. Осы және өзге де тың ақпараттар Atameken Business-тің бүгінгі хабарында: