Қазақстан – БҰҰ Бас Ассамблеясы діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарының тең авторы

1167

Құжатта наным-сенімге байланысты адамдарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттердің барлық түрі айыпталады. 

Қазақстан – БҰҰ Бас Ассамблеясы діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарының тең авторы Фото: ҚР СІМ

Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарының тең авторларына қосылды, деп жазады inbusiness.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы конфессияаралық диалогты дамытуға және өшпенділік тілмен күресуге бағытталған қарарды қабылдады.

"Қабылданған қарарда дін немесе наным-сеніміне байланысты адамдарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттердің барлық түрлері айыпталады. Сонымен қатар құжатта діни рәміздерге, қасиетті кітаптарға, тұрғын үйлерге, жұмыс орындарына, мүліктерге, мектептерге, мәдениет үйлері мен ғибадат орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекеттерді айыптауға назар аударылды", - делінген хабарламада.

Еуропаның бірқатар елінде Құран өртеу және оны қорлау оқиғаларының аясында ұйым қарарының мәтініне діни рәміздер мен қасиетті кітаптарға сілтемелерді енгізу туралы шешім қабылданған.

Осылайша Қазақстан БҰҰ-ға мүше басқа 47 елмен бірге бұл қарардың тең авторы атанды.

Айта кету керек, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропа елдерінде болған Құранды өртеу актілеріне қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу