"Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"26 қазанда "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Жалғыз акционері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі өз қалауы бойынша Банктен кету туралы шешім қабылдаған Басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторовичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты", – делінген хабарламада.
Оның банк басшысы ретіндегі қызметі барысында негізгі бизнес-процестерді реформалау бойынша жұмыс жүргізілді, ҚДБ-ның елдік деңгейдегі халықаралық рейтингтері расталды, $800 млн астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, оның ішінде еурооблигациялардың табысты шығарылуы іске асырылды.