Қазақстан Дохада өткен ауғанаралық келіссөздерді құптайды – СІМ

619

Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиев аталған іс-шараға бейнеконференция форматында қатысты.

Қазақстан Дохада өткен ауғанаралық келіссөздерді құптайды – СІМ

Қазақстан биылғы жылдың 12 қыркүйегінде Катар астанасы Дохада өткен ауғанаралық келіссөздерді құптайды. Бұл туралы СІМ ресми сайтында жарияланды.

"Ауғандықтардың өздері" және "ауғандықтар үшін" қағидаттарына негізделген және әлемдік қоғамдастық қолдайтын бейбіт үдерісі Ауғанстан Үкіметі мен бүкіл ауған халқының мүдделеріне сай келетін "Талибан" қозғалысы арасындағы келісіммен аяқталды деп үміттенеміз. Қазақстан бұдан әрі де достас ауған халқына егемен және дамыған мемлекет құруға барынша жәрдем көрсететін болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу