Қазақстан екі қаладағы ЖЭО-ны Ресейдің қатысуынсыз салуы мүмкін

290

Ресей Семей мен Өскемендегі ЖЭО құрылысын қаржыландыру бойынша жауабын бермеген. 

Қазақстан екі қаладағы ЖЭО-ны Ресейдің қатысуынсыз салуы мүмкін Фото: forbes.kz

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көкшетаудағы жылу электр орталығының құрылысы басталған. Жобаны "Самұрық-Энерго" компаниясы жүзеге асырып жатыр. Министрдің айтуынша, Семей мен Өскемендегі ЖЭО-лардың құрылысына қатысты жағдай әзірге белгісіз.

"Бүгінде Ресейден жеңілдетілген қаржыландыру бойынша ешқандай жауап алған жоқпыз. Қазақстан тарапы бұл мәселені көтереді. Бірақ та, жеңілдетілген мемлекетаралық несие бойынша әлі ешқандай шешім жоқ", – деді Энергетика министрі.

Ведомство басшысы алдағы уақытта жағдай өзгермесе, Қазақстанға бұл жобаларды да өз күшімен жүзеге асыруға тура келетінін айтты.

Айта кету керек, 2023 жылы Ресейдің Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр орталықтарын салатыны туралы ақпарат шықты. Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей салуы тиіс болған 3 жылу электр орталығына қатысты сұрақтарға жауап бергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу