Қазақстан грек жаңғағын экспортқа шығарады

946

Қазақстан грек жаңғағын экспортқа шығарады

Оңтүстік Қазақстан обылысы Сарыағаш ауданы Жемісті елдімекенінде "Оңтүстік Қазақстанда өнеркәсіптік жаңғақ шаруашылығының болашағы және даму жолдары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға елімізден өзге Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан жаңғақ шаруашлығын зерттеп жүрген тәжірбиелі ғалымдар қатысты, деп хабарлайды ontustik.gov.kz.

"Оңтүстік Қазақстан облысы грек жаңғағын және миндаль өсіру үшін қолайлы орын болып табылады. 2020 жылға дейін жаңғақ жеміс дақылдарын дамыту бағдарламасына сәйкес, облыста жаңғақ жеміс бауларының санын арттыру, жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Сол кезде өңірімізде  жаңғақты экспорттау мүмкіндігі пайда болады" , - деді семинарды ашқан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қаныбеков. 

Облыста жаңғақты дақылдар негізінен тұрғындардың жеке  шаруашылықтарында 300  гектар алқапта өсіріледі. Шетел нарығында жаңғақтың 1 келісі  10 долларға пара-пар. Яғни жемістің бұл түрін экспорттау ел диқандары үшін мол табыс алып келеді.  Ағымдағы жылы өңірде жаңғақ дақылын 400 гектарға отырғызу межеленіп отыр. Жаңғақ баулары  негізінен  Қазығұрт, Төлеби, Сарығаш және Түлкібас аудандарында  егіледі. 

Ғалымдар әлемдегі жер көлемінің 7% ғана жаңғақ өсіруге жарамды екенін айтады. Қазақстан аймағында мұндай жерге тек оңтүстік өңірі кіреді. Еліміздегі жаңғақтың 85% Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Соған байланысты Қазақстан грек жаңғағын өндірістік өсіруге және экспортқа шығаруға бағыт алды, алдаңы 2-3 жылда елімізде жаңғақ бауларының көлемін 5 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Көршілес мемлекеттер арасында жаңғақ шаруашылығы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда жақсы дамыған. Конференцияға келген аталған елдердің ғалымдары  жаңғақ өсірудің  құпиялары мен технологияларын түсіндіріп, тәжірбиелерімен бөлісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу