Қазақстан халқы қартаюдың алдында тұр

1513

Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі айтарлықтай төмендеді.

Қазақстан халқы қартаюдың алдында тұр

Елімізде қарттардың үлесі артып, 11%-ға жетті

Ал еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі айтарлықтай төмендеді. 

БҰҰ болжамы бойынша, әлемнің көптеген елдері сияқты Қазақстанда да халық саны алдағы бірнеше онжылдықта өсіп, 2050 жылға қарай шамамен 24 млн адамға жетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл Қазақстан халқының саны 19 млн-нан асты.

Айта кету керек, халық санының өсуіне бала туудың көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы әсер етуде. Сонымен 2020 жылы туғандардың өмір сүру ұзақтығы шамамен 71,37 жас болды, ал он жыл бұрын ол 68,45 жас, 2000 жылы – 65,5 жас еді. Бұл ретте нәрестелер мен балалардың өлімі де ескерілген. 

Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 80 жас, әйелдер үшін 82 жас.

Осылайша Қазақстанда халықтың қартаюы байқалады. Егер 2010 жылы зейнеткерлік жастағы халықтың үлесі 9,9% болса, 2020 жылы – 11%. Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі, керісінше, айтарлықтай төмендеді. 2010 жылғы 64%-дан 2020 жылы 58,3%-ға дейін. Ж.Боже-Гарньер – Э. Россетаның демографиялық қартаю шкаласы бойынша Қазақстан халқы қартаюдың алдында тұр.

Сонымен қатар еңбекке қабілетті бір адамға демографиялық жүктеме де өсуде. Мәселен, Қазақстанда еңбекке қабілетті 1000 азаматқа еңбекке қабілетті жастан кіші және үлкен 692 адам келеді (бір жыл бұрын – 687, ал он жыл бұрын – 555 адам). Дәл осындай жағдай бүкіл әлемде байқалады. БҰҰ болжамы бойынша, іс жүзінде әлемнің барлық елдері халықтың қартаю процесіне тап болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу