Мемлекет басшысы "Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мәжілістің тиісті комитетінің қорытындысына сілтеме жасай отырып хабарланғандай, бұл заңның қабылдануы биологиялық және химиялық қаруды қолдануға қарсы халықаралық құқықты күшейту үшін маңызды.
"Қазақстанның Женева Хаттамасына қосылуы әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттар мен құндылықтарды ұстанатындығын көрсетеді", - деп түйінделді баяндамада.
Женева Хаттамасын қабылдауға шақыру, атап айтқанда, БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарларында қамтылған.