Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді.
Ең соңғы бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы (Софья Берульцева, Дайяна Даренская, Николь Ценгель және Нұрия Тізімбай) кумитеден командалық сында финалда Вьетнамға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат етті.
Чемпиондар:
Жоламан Биғабыл (-55 кг),
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг),
Дайяна Даренская (-68 кг),
Софья Берульцева (+68 кг).
Жалпы есепте Жапония (3 алтын, 5 күміс, 4 қола) екінші орынға көтерілсе, үздік үштікті 3 алтынмен Вьетнам түйіндеді.
Биыл каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов ұстағаны белгілі.