Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының "Кропоткинская" станциясына жасалған дрондардың шабуылына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" басылымына сілтеме жасап.
"Бұл – Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды мәселе. Әрине, біз бұл жағдайды украиналық серіктестермен дипломатиялық арналар арқылы талқылаймыз" , - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кету керек, 17 ақпан күні Каспий құбыр консорциумының станциясына дрондар шабуыл жасағанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу