Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталады?

1262

Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец елде өндірілген көмір қай мемлекеттерге экспортталып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталады?

Оның айтуынша, 2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан 20,6 млн тонна көмір экспорттаған. Бұл 2020 жылдың осы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға артық (18,7 млн тонна).

"Бүгінде көмірге сұраныс жоғары. Өнімді Еуропа елдеріне, Қытайға және басқа елдерге экспорттап жатырмыз. Көмір экспортының өсуі ЕАЭО-ға мүше елдердің нарығына көмірді тиеп жөнелтудің 5,2%, үшінші елдерге 21,3%-ға ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ Үндістанға 16,2 мың тонна, Оңтүстік Кореяға 42,2 мың тонна, Мароккоға 33,6 мың тонна, Ұлыбританияға 191,7 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл көрсеткіш төмен болса да нарықта өнімге сұраныс барын көрсетеді", – деді Николай Радостовец Astana Mining & Metallurgy 11-тау-кен металлургиялық конгресі аясында өткен көмір форумында.

Сондай-ақ ол елде көмірді терең өндеп, қосылған құны жоғары өнімдерді шығару мәселесін көтерді.

"Қазақстан көміріне Түркия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, тіпті Швейцария қызығушылық танытып отыр. Біз көмірді терең өңдеп үйренуіміз керек. Одан фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрін өндіруге болады", – деп түйіндеді сөзін атқарушы директор.

Айта кетейік, осыған дейін Николай Радостовец жаңа еркін экономикалық аймақ құруды ұсынған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу