Қазақстан қоржынында сегізінші алтын

797

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды

Қазақстан қоржынында сегізінші алтын Фото: Туризм және спорт министрлігі

Каратэден 75 келі салмақта Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының 2 мәрте қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов финалда Хасан Масарвехті (Иордания) 8:0 есебімен жеңді.


"Нұрқанат пен оның командаластарын осы табыспен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионға тең келер ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістермен жиі қуантуын тілеймін!"- деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу