Пандемия басталғалы бері екі мемлекет арасындағы өткізу әлеуеті 10 есе төмендеген. Бекеттердегі былыққа біздің кінәміз жоқ, мәселенің бәрі көрші ел жақтан туындауда, - дейді Сауда және интеграция министрі. Айта кету керек Қытай тек Қазақстанмен ғана емес, сонымен қатар Ресей, Моңғолия, Қырғыз еліне де осындай талап қойған. Бір жағынан пандемия кезінде сақтық шараларының болғаны дұрыс десек, сауда саттық мәселесінде осындай шикіліктер бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Тұралаған жүк көліктерінің проблемасы енді қашан шешілмек? Өзгелер осылай сақтанып жатқанда біздің билік қандай әрекет етуде? Нарыққа шығып жатқан тауарлар қауіпсіз екеніне кепіл бар ма?