Қазақстан Қытайдан 38 миллион долларға ұшақ сатып алды

1674

Бұл Қазақстан әскеріне Қытайдан импортталған тұңғыш техника.

Қазақстан Қытайдан 38 миллион долларға ұшақ сатып алды

"Ұлттық ұлан"-ның әуе техникасы паркі құны 38 миллион доллар болатын жаңа ұшақпен толықты. Бұл Қазақстан әскеріне Қытайдан импортталған тұңғыш техника, деп хабарлайды astanatv.kz.

Əуе кемесін қару-жарақтарды, техникаларды тасымалдауға пайдаланатын болады. Ерекшелігі- топырақты, қарлы жерге де қона алады. Сондай -ақ, күндіз де, түнде де күрделі ауа райына қарамастан міндетін мінсіз атқарады. Ан-74-тен екі есе үлкен бұл ұшақ 20 тоннаға жуық жүкті тасымалдауға қауқарлы. Сағатына 550 шақырым жылдымадықпен 10 мың метрге көтеріледі. Осы ерекшеліктеріне байланысты қолданыстағы Ресей, Украин ұшақтарынан әлдеқайда қымбат.

"Мынадай үлкен самолет жерге қона береді. Соны түсіндіңіздер ма?! Бұның ерекшелігі. Бізге, әсіресе десантқа бұдан үлкен бізде самолет жоқ. Сапасы маған ұнап тұр. Ол қалай ұшады екен мен оны білмеймін. Өзім ұшқан жоқпын. Бұйырса бізді шақыратын шығар", - дейді ҚР тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.

Ұшаққа бір мезетте бірнеше техниканы тиеуге болды. Ішке БТР танкі де сиып кетеді. Корпусы ауа өткізбейді. Бүгінде Ұлттық ұланның әуе техникасы паркінде Ан-74 пен Ан-26 және Ми 171Е тікұшағы бар. Әскери құрылымның авиациялық орталығы биыл Алматыдан Астанаға қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу