Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі жан-жақты талқыланды. Сұхбаттасушылар қазақстан-армян қарым-қатынасы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қарқынды дамып келе жатқанын, Еуразиялық интеграциялық кеңістікте екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың әлеуеті мен перспективалары зор екенін атап өтті. Бизнес-байланыстарды жандандыру тұрғысынан Вице-Премьер екі ел арасында және ЕЭО кеңістігінде азаматтардың, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы мақсатында Қазақстанның "Covid-19-сыз саяхат" бағдарламасына қосылуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жоғары технологиялар, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне қатысты мәселелер қозғалды.
Биылғы жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елші еліміздің негізгі саяси және экономикалық жетістіктері туралы айтып, жоспарланған мерейтойлық іс-шаралар туралы хабарлады. Ол сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының елді одан әрі демократияландыруға бағытталған саяси реформаларымен, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және ҚР халықаралық бастамаларымен таныстырды, сондай-ақ ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат туралы хабардар етті. Осы тұрғыда кезекті отырысы 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу жөніндегі қазақстандық бастама айтылды.