Қазақстан мен Германия арасында бірқатар құжатқа қол қойылды

438

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан мен Германия арасында бірқатар құжатқа қол қойылды Фото: akorda.kz

Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер  Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Құжаттар тізімі:

  1.  Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  2.  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме;
  3.  Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  4.  Жамбыл облысы әкімдігі мен "Кнауф Гипс Тараз" ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;
  5.  Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісім;
  6.  "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен "Rhenus SE & Co.KG" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  7.  "DВ Engineering & Consulting GmbH" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;
  8.  "Siemens" технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;
  9.  Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім.

Еске салайық, осыған дейін Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу