Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданды

495

Қос тарап халықаралық және аймақтық мәселелерді қарастырды.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданды

Қос елдің Сыртқы істер министрлері Мәскеудегі кездесу барысында әуе қатынасына қатысты түйткілдерді талқылады. Бұл туралы көршілес елдің СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Сонымен қатар Қырғызстан ведомствосының басшысы Шыңғыс Айдарбеков азаматтарды елге қайтарғаны және транзиттік дәліз ашқаны үшін қазақстандық тарапқа  алғысын білдірді. Басқосуда қос тарап халықаралық және аймақтық мәселелерді де қарастырды.

9 және 10 қыркүйекте Мәскеу қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлерінің отырысы  өтеді. Бұл халықаралық ұйым 2001 жылы құрылған болатын. Оған Үндістан, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері мүше.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу