Қазақстан мен Қырғызстан көші-қон мәселесін бірлесіп шешеді

839

Заң жобасына қатысты қорытынды 2 жыл әзірленеді.  

Қазақстан мен Қырғызстан көші-қон мәселесін бірлесіп шешеді

Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында айтылды. 

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің мәлімдеуінше, екі ел арасындағы көші-қон мәселесін реттеу үшін заң жобасы әзірленеді. 

"Қазақстан мен Қырғыз Республикасы үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 2019 жылы 27 қарашада Бішкек қаласында жасалды. Келісім көші-қон процестерін реттеуді, қос азаматтық фактілерінің жолын кесуді, заңсыз көші-қонға қарсы күрес ұйымдастыруды көздейді. Келісімді ратификациялау екі елдің көші-қон саласындағы ынтымақтастығының тиімділігін арттырады", – деді депутат. 

Қанат Мусиннің сөзінше, комитет заң жобасына қатысты қорытындыны 2022 жылғы 25 мамырға дейін әзірлейді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу