Қазақстан мен Қытай арасындағы 34 тұрақты рейс тоқтатылды

972

Үшінші ақпаннан бері екі ел арасында ұшақ ұшпайды. 

Қазақстан мен Қытай арасындағы 34 тұрақты рейс тоқтатылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің айтуынша, мұндай шектеуге коронавирус инфекциясының  алдын алу шаралары себеп болған. 

"Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2020 жылғы 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3-ке дейін қысқарды", – деді Берік Қамалиев үкімет отырысында. 

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Mahan Air  әуе акомпаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстері 1 наурыздан бастап тоқтатылған. 

"5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Баку рейсі тоқтатылады. Алматы - Баку рейсін 5-тен 1 рейске дейін шектеледі. Ақтау-Баку рейсін 7-рейстен 1 рейске дейін, Нұр-Сұлтан-Токио әуе бағдарын  2-ден 1 рейске дейін қысқартамыз", – деді Берік Қамалиев.

Оның сөзінше, рейстердің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыларға 1 наурыздан бастап билеттерінің құны айыппұл санкциясынсыз толық көлемде қайтарылады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу