Қазақстан мен Ресей шекарасындағы көлік кептелісіне не себеп?

1025

ҚР Қаржы министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы көлік кептелісіне не себеп?

"30 қазан күні Қазақстан мен Ресей шекарасында көрші ел аумағындағы "Бугристое" автомобильдерді өткізу бекетінде көлік кептелісі болды. Қазақстан жағында кептіліс болған жоқ. Көлік кептелісі 30 қазанда Ресейде енгізілген карантин талаптарына байланысты. Ресей Федерациясының қаулысына сәйкес 30 қазан мен 7 қараша аралығы жұмыс емес күні болып бекітілген. Осыған байланысты қазақстандық және ресейлік тасымалдаушылар біздің елге бағыт алған", – деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал "Қайрақ" автомобильдерді өткізу бекетінен Ресей жағынан әдеттегіден көп көлік өткен. Күн сайын шамамен 600 көлік өтсе, 30 қазан күні олардың саны 860-қа жеткен. Министрлік қазір жағдай тұрақталғанын, кептеліс жоқ екенін хабарлады.

Фото: centralasia.news

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу