Қазақстан мен Словения арасында қос салық салуды жоятын конвенцияны ратификациялау мақұлданды

1142

Қазақстан мен Словения арасында қос салық салуды жоятын конвенцияны ратификациялау мақұлданды

ҚР Парламентінің Мәжілісі пленарлық отырыс барысында "Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасындағы Конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР Заңын мақұлдады.

ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов атап өткендей, конвенцияның мақсаты инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан мен Словения арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады.

"Ратификация үшін ұсынылған Конвенция: біріншіден, келісуші мемлекеттер арасында салық салу құқықтарын бөлу арқылы келісуші мемлекеттердің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың кірістеріне қос салық салуды жоюға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Б. Сұлтанов палата депутаттарына заң жобасын таныстыру кезінде.

Екіншіден, оның айтуы бойынша, инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан мен Словения арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеңейтуге жол салынады.

Үшіншіден, Конвенция екі мемлекеттің құзырлы органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтару мәселелерін шешуге көмектеседі.

Министрдің айтуы бойынша, Конвенцияның жекелеген баптарында өз қызметін келісуші мемлекеттерде жүзеге асыратын әртістердің, спортшылардың, мемлекеттік қызметшілердің, студенттердің табыстары мен басқа төлемдеріне салық салудың нақты тәртібі көрсетілген.

Конвенцияның іске асырылуы мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді. Конвенцияны ратификациялау мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге қосымша серпін береді, қолайлы инвестициялық климат жасайды", - деп түйіндеді Б. Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу