Қазақстан мен Солтүстік Македония визасыз режим енгізу мәселесін талқылады

472

Қос мемлекет үшін сауда маршруттарын дамыту аса маңызды.

Қазақстан мен Солтүстік Македония визасыз режим енгізу мәселесін талқылады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан мен Солтүстік Македония визасыз режим енгізу мәселесін талқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жаңа технологиялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, тау-кен, туризм сияқты перспективалы салаларға көңіл бөлуге дайын екенімізді растадық. Екі елдің теңізге тікелей шығатын жолы болмағандықтан, қос мемлекет үшін сауда маршруттарын дамыту аса маңызды. Азаматтарымыз үшін визасыз режим енгізу мүмкіндігі де талқыланды", - деді министр.

Бұл қадам көптеген саладағы қарым-қатынастардың тұрақты дамуына қажетті негіз қалар еді, деп атап өтті Мұрат Нұртілеу.

Айта кету керек, осыған дейін ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі Буяр Османи Астанаға ресми сапармен келгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу