Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, Түрікменстан президенті Қазақстанға алғаш рет келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті мен Түрікменстан басшысы өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусым Ашхабадта ұйымдастырылған Алтыншы Каспий саммитіне Сердар Бердімұхамедовтың арнайы шақыртуы бойынша барған.
Осыған дейін қос ел арасындағы тауар айналымын саралап көрген болатынбыз.