/img/tv1.svg
RU KZ
Қазақстан мен Түркия әуеқатынасты қалпына келтіру мәселесін талқыланды

Қазақстан мен Түркия әуеқатынасты қалпына келтіру мәселесін талқыланды

Келіссөздер нәтижесі бойынша ТР Денсаулық сақтау министрі Ф.Кожа аталған мәселені Түркияның Коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді.

08 Тамыз 2020 16:41 211

Қазақстан мен Түркия әуеқатынасты қалпына келтіру мәселесін талқыланды

Кеше Анкара қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ҚР делегациясы Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. .

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, ҚР делегациясы Қазақстан мен Түркия арасындағы халықаралық әуеқатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия Үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздегі қазіргі таңдағы жағдай туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

Келіссөздер нәтижесі бойынша ТР Денсаулық сақтау министрі Ф.Кожа аталған мәселені Түркияның Коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді, сондай-ақ бұл мәселе Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, жуық арада өз шешімін табатындығына сенім білдірді.

Сонымен қатар, 7 тамызда Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерді тоқтата тұру мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Сыртқы істер министрі бұл шешім бауырлас халықтардың екіжақты қарым-қатынастарына байланысты емес екендігіне және тұрақты рейстерді қайта бастау туралы шешім Түркия Республикасының  Мемлекеттік комиссиясының келесі отырысында қаралатынына сендірді.

Оған қоса, ҚР Сыртқы істер министрлігіне Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджи шақырылып, түрік тарапының осындай шешімдері туралы Қазақстан Үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді.

 

Президент: Балаларға қолжетімді бұқаралық спортқа мойын бұрған жөн

Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімді толық қолдайтынын жеткізді.  

25 Наурыз 2020 20:39 411

«Жапония премьер-министрі С.Абэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімін толық қолдаймын. Жалпы, Олимпиада ойындарының мән-маңызын қайта қарау қажет. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Балаларға қолжетімді бұқаралық спортқа мойын бұрған жөн»,– деп жазды Мемлекет басшысы твиттердегі парақшасында.

Шымкент қаласы бойынша 12 блок-бекет қойылды

Үшінші мегаполисте коронавирус таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілді. 

25 Наурыз 2020 15:41 966

Блок-бекеттерде полицейлер мен медицина мамандары тәулік бойы жұмыс істейді. Олар қалаға кіріп-шығатын әрбір көлікті тоқтатып, жүргізушілер мен жолаушыларды арнайы құрылғы көмегімен тексеруден өткізіп жатыр. 
Блок-бекеттер Ақжар, Жылан бұзған, Абдулабат, Өтеміс Шапырашты,  Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 айналма жолы), Бозарық айналма жолы,  Қайнарбұлақ саяжайы, Бадам айналма жолы, Көкбұлақ, Бадам көпірі маңына қойылған.

«Сақтық шаралары ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Блок-бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандырып, азаматтардың қозғалысын бақылайды. Дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Қауіптің алдын алу мақсатында қолға алынған жұмыстар барысында полицейлер мен дәрігерлер қала  сыртындағы 12 блок- бекетте күшейтілген режимде жұмыс атқаруда»,– деді қала әкімдігіндегілер. 

Еске салсақ, кеше, 24 наурызда кешкі уақытта шымкенттік бір тұрғыннан коронавирус анықталды. Ол қалаға елордадан автобус арқылы келген. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимурхан Варзиловтың айтуынша, онымен байланыста болған барлық азамат анықталып, бақылауға алынды. 

«Анықталған азаматтардың өміріне келер қауіп жоқ. Ал коронавирусты жұқтырған азаматтың жағдайы қанағаттанарлық. Біз қалада қауіпті індетті жұқтырғандар саны артпайды деп үміттенеміз. Ол бойынша сақтық шаралары тиісті деңгейде жүргізілуде»,– деді Тимурхан Варзилов. 

Жансая Тәуекелқызы