Қазақстан ОПЕК+ келісімін толықтай орындауға ниетті

578

Картель 1 мамырдан бастап өндірісті қысқартқан еді. 

Қазақстан ОПЕК+ келісімін толықтай орындауға ниетті

Қазақстан ОПЕК+ ұйымының мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімін орындайды. Еліміздің Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов онлайн баспасөз мәслихатында осылай деді. 

"Ірі және орта кен орындары бойынша өндірісті азайту туралы шешім қабылданды. Осы жылдың бірінші тоқсанында мұнай экспортының 22% қысқартылады. Яғни бұл ірі және орта кен орындары болып саналатын барлық компанияларға қатысты нәрсе. Олардың мүдделері сақталады", — деді вице-министр.

Оның айтуынша, осы шаралардың негізінде ОПЕК+ ұйымының шикізат өндірісін қысқарту туралы келісімі аясында Қазақстанның барлық міндеттемелері орындалады. Еске сала кетсек, сәуір айында картель жер қойнауынан шығарылатын "қара алтын" көлемін кеміту туралы ымыраға келген еді. Ұйымның мұндай шешім қабылдауына жаңа коронавирус пандемиясы түрткі болды. Індет кесірінен сұраныс азайып кеткен еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу