Жиында Қазақстанның Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығы ресми басталады.
Отырысқа қатысушылар диалогтың 2023 жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындап, жылдық жұмыс жоспарын талқылайды және бекітеді.
Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы – өңірдегі әйел парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаң.
Диалог 2020 жылы желтоқсан айында өз жұмысын ресми түрде бастады. Осыған дейін диалогқа Өзбекстан (2021 жылы), Түрікменстан (2022 жылы) төрағалық етті.
Алаң БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы, БҰҰ Даму Бағдарламасының және "БҰҰ-әйелдер" құрылымының қолдауымен құрылды және қызмет етіп келеді.
Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың ОА елдерінің әйелдері диалогына Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстаннан арнайы келген әріптестерге ризашылығын білдіргенін жазған болатынбыз.