Қазақстан паралимпиададан әлем чемпионатында жүзуден алғаш рет алтын алды

908

Қазақстан паралимпиададан әлем чемпионатында жүзуден алғаш рет алтын алды

Қарағандылық спортшы Наталья Звягинцева паралимпиададан Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында жүзуден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның тарихи жеңісі жайлы еліміздің паралимпиада комитетінің басшысы Қайрат Боранбаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Наталья  Звягинцева (Қарағанды) – жаңа әлем чемпионы. 50 метрге шалқалай жүзуде бірінші орын алды. Бұл – Қазақстан тарихындағы паралимпиададан әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш алтын жүлде. Наталья Мексикада Азия рекордын да жаңартты", – деп жазды.

Айта кетейік, Наталья Звягинцева 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен паралимпиада ойындарына да қатысқан еді. 100 метрге шалқалай жүзуде 7-ші орын алған болатын. Мексикада тағы бір жүлдені Риодағы паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зулфия Ғабидуллина жеңіп алды. Ол 100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс медаль еншіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу