Қазақстан Президенті Арыстағы жағдаймен танысу үшін Түркістан облысына барады

902

Мемлекет басшысымен бірге премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады.

Қазақстан Президенті Арыстағы жағдаймен танысу үшін Түркістан облысына барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып шығады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

"Мемлекет басшысымен бірге премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады", – деп хабарлады Берік Уәли.

Президент түске дейін қорғаныс, ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу