Президент Арыстағы жағдайдың салдарын шұғыл жою жөнінде тапсырма берді

1886

Арыс қаласында жойқын жарылыс болып, жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға тура келді.

Президент Арыстағы жағдайдың салдарын шұғыл жою жөнінде тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшысына және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы төтенше жағдайдың зардабын шұғыл жою жөнінде тапсырма берді.

"Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", – деп жазды Президент Тwitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жойқын жарылыс орын алып, жергілікті тұрғындар шұғыл көшірілді. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу