Қазақстан Президенті Иран билігінің кінәсін мойындауын маңызды шешім деп санайды

979

Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптарды ұстамдылық танытуға шақырады.

Қазақстан Президенті Иран билігінің кінәсін мойындауын маңызды шешім деп санайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауын маңызды шешім деп санайды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы – маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек",– деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, 8 қаңтарда Тегераннан ұшып шыққан украиндық ұшақ апатқа ұшырап, 160 жолаушы көз жұмған еді. Кеше ғана Иран билігі оқиғаға кінәлі екендіктерін мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу