Тоқаев Қырғызстандағы саяси жағдайға қатысты қандай көзқараста?

1101

Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді.

Тоқаев Қырғызстандағы саяси жағдайға қатысты қандай көзқараста?

Мемлекет басшысы Қырғызстанда болып жатқан жағдай туралы қандай пікірде. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді",­­­ – деп жазды Берік Уәли.

Айта кетсек, қазіргі президент Сооронбай Жээнбековпен арадағы шиеленіс күшейгендіктен, Атамбаев соңғы апталарда Бішкектен 20 шақырым жерде орналасқан резиденциясында қауіпсіздік шараларын күшейткен еді.  

Жээнбеков Атамбаевты зейнеткерлікте жүріп, саясатқа бақылау жүргізуге ниетті деп айыптап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу