Арнайы комиссия құрылып, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасындағы жазатайым оқиғаны тергеуге кірісті. Комиссия мүшелері өрттің себебін және ТЖ мән-жайларын анықтауы тиіс, деп жазады inbusiness.kz.
Сондай-ақ шахта базасында жедел штаб құрылды. Оның жұмысы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басинге тапсырылды.
Бұл туралы Шахтинск қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында ұйымдастырылған арнайы көшпелі брифинг барысында белгілі болды.
ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Кеңгірбай Есенеевтің айтуынша, шахтада соңғы тексеру жақында ғана жүргізіліпті. Бұзушылықтар анықталды, бірақ олар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеген.
Апатты жою жоспары СО бойынша айғақтарға байланысты енгізілді", - деп атап өтті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.
"Зардап шеккен бес адамның екеуі жұмыс қабілеттілігі мен орналасу жүйесін тексерумен айналысатын слесарлар болды. Олар бірінші ауысымда апат болған конвейер беткейіндегі кейбір ақауларды жою жұмыстарын атқаруда еді. Апат орнындағы тағы бір слесарь КТ учаскесінен еді. Екі жұмысшы апат учаскесінің жанында болды", – деді Сергей Огай.
Бүгінгі таңда 11 адам ауруханада. Тоғыз адам Қарағандыда және 2 адам Шахтинскіде.
Еске сала кетсек, Қарағанды облысындағы шахтада төтенше жағдай 17 тамыз күні сағат 10:05-те орын алды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасынан өрт шыққан еді.
Оқиға кезінде 227 адам жер астында болса, оның 222-сі эвакуацияланды.