Қазақстан СІМ Тигран Кеосаянды персона нон грата тізіміне қосуға қатысты процесті бастады

777

Ол Қазақстанда 9 мамырда өтетін әскери парадтың тоқтатылуына көңілі толмайтынын айтқан болатын.

Қазақстан СІМ Тигран Кеосаянды персона нон грата тізіміне қосуға қатысты процесті бастады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік режиссер Тигран Кеосаянды нон грата тізіміне, яғни Қазақстанға келуге тыйым салынған адамдардың тізіміне қосу процесін бастады, деп хабарлайды inbusinesskz.

"Бұл процесс басталды", – деп растады министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ҚазТАГ редакциясына.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік тележүргізуші, белгілі режиссер Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видосы тараған еді. Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын. Ол Қазақстанда 9 мамырда өтетін әскери парадтың тоқтатылуына көңілі толмайтынын айтып, Ресейдің "жауапты тұлғалары" "қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" екендігін мәлімдеген еді.

Тигран Кеосаян – RT телеарнасы, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу