"Әзербайжан Республикасы Президентінің, Армения Республикасы Премьер-министрінің және Ресей Федерациясы Президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз", – деп жазылған сәрсенбі күні СІМ таратқан хабарламада.
Сондай-ақ онда қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келетіні және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз болатын да айтылған.
Сыртқы істер министрлігі осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтті.