Қазақстан Тәжікстанға бензин сатуды бастады. Үкіметаралық келісім бойынша ресми Душанбеге шілде айында 20 мың тонна экспортталғандеп хабарлайды Atameken Business.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, тағы біраз елден сұраныс түсіп тұр. Бірақ Қырғызстанмен келісім күткендей нәтиже бермеген. Наурызда жасалған шарт бойынша жанар-жағармай жеткізу процесі мұнда маусым айында басталуға тиіс болған. Бішкекке Қазақстан 10 мың тонна шығаруға дайын тұрған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу