Тәжікстанда ірі жол апатынан 11 адам ажал құшты

236

Қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Тәжікстанда ірі жол апатынан 11 адам ажал құшты Фото: Бейнежазбадан

Тәжікстандағы Душанбе-Куляб-Хорог тасжолында жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылымның Тәжікстан Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап жазуынша, ірі жол апаты 2 шілдеде таңғы уақытта Вахдат қаласына қарасты Элок ауылының тұсындағы автожолдың 32-шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс барысында "Дулан" жүк көлігінің тежегіші істен шығып, осыдан кейін ол Opel Zafira және Toyota Prado көліктерімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 11 адам қаза тапқан. Олардың арасында жүк көлігі мен жеңіл көліктердің бірінің жүргізушілері, сондай-ақ тоғыз жолаушы бар.

Оқиға орнына ішкі істер министрі, Мемлекеттік автомобиль инспекциясының басшысы, Вахдат қаласының прокуроры және басқа да лауазымды тұлғалар келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу