Қазақстан Тәжікстаннан басқа тағы қай елдерге әскери мүлік береді

804

Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қазақстан Тәжікстаннан басқа тағы қай елдерге әскери мүлік береді

"Қазақстан – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қатысушысы. Яғни бұл ұйымдағы мемлекеттер бір-біріне әскери көмек көрсететіні белгілі. Алдағы уақытта Тәжікстаннан басқа тағы қандай мемлекеттерге көмек көрсетуді және қандай әскери мүліктерді беруді жоспарлап отырсыздар?", – деп сұрады депутат Наталья Дементьева заң жобасын талқылау барысында Қорғаныс министрлігі өкілдерінен. 

Сұраққа Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев қысқа жауап берді.

"Әлбетте, көмектер көрсетуіміз мүмкін. Мысалы, Қырғызстаннан сұраныс келіп түскен болатын. Жақын арада келісімге қол қойылады. Бұл жерде айта кететінін, өзіміздің мүмкіндіктеріміз ескеріледі", – деді Шпекбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу