Қазақстан тұрақты даму рейтингісінде 6 сатыға көтерілді

821

Тізімде еліміз Бразилия, Малайзия, Түркия және Сингапурдың алдында тұр.

Қазақстан тұрақты даму рейтингісінде 6 сатыға көтерілді

Тұрақты даму рейтингісінде Қазақстан 6 сатыға көтеріліп, 59-орынды иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

2015 жылы БҰҰ бас ассамблеясы 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібін бекітті. Онда тұрақты даму мақсаттары айқын көрсетілген. 

193 дамыған және дамушы мемлекет 169 жаһандық нысаналы көрсеткіштерге сәйкес 17 мақсатқа қол жеткізу үшін міндетін өзіне алған. Ондағы мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, экономика мен қоршаған ортаның жағдайын жақсарту.

Тұрақты даму мақсаты кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ жерді қорғауға, әлемдегі бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан тұрақты даму мақсатын ұлттық деңгейде имплементациялау жөніндегі жұмысты іске асыруға кіріскен. Елде тұрақты дамудың жаһандық индикаторларына жүзеге асыруға баса мән береді. Бүгінде мониторинг жүйесі 280 индикатор – 205 жаһандық және 75 ұлттық индикаторды қамтиды.

Биыл тұрақты даму рейтингісінде Қазақстан 6 сатыға көтеріліп, 59-орынды иеленді (өткен жылғы көрсеткіш – 65-орын). Еліміз рейтингте Бразилия, Малайзия, Түркия, Сингапур және Өзбекстан сынды елдерді басып озды.

Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге үкімет, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдары жауапты.

Сонымен қатар Қазақстанда тұрақты даму көрсеткішіне қол жеткізуге квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары айтарлықтай ықпал етеді. Мысалы, "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" сынды елдің басқарушы ұлттық холдингтері тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға белсенді қатысады. Оның ішінде олар тұрақты дамуға бағытталған жеке құжаттарды әзірлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу