Президент: Қазақстан Түрікменстанға 60 түрлі тауар экспорттауға дайын

1322

Мемлекет басшысы жалпы құны 130 миллион доллардан асатын тауардың 60 түрі бойынша Түрікменстанға тасымалданатын өнімдерді ұлғайтуға Қазақстанның дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Президент: Қазақстан Түрікменстанға 60 түрлі тауар экспорттауға дайын

– Бұл міндетті орындай алатынымызға сенімдімін. Атап айтқанда, біз ауылшаруашылығы өнімдерін, әсіресе ұн мен бидайды нарықтық баға бойынша өзара тиімді тасымалдау ісін арттырудың перспективасы бар екенін көріп отырмыз. Бұған дейін Қазақстан түрікмен тарапымен арадағы уағдаластық бойынша қол жетімді бағада бидай экспортын бастаған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан басшысы мемлекеттік сапармен Ашхабадта жүр. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа сапар барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу